ҚР ҰБ: Қазақстанда шетел валютасы нарығындағы ахуал тұрақты

Zakon.kz
Қазіргі уақытта қолма-қол шетел валютасы нарығындағы ахуал тұрақты. Көп жағдайда бұл қабылданған шаралардың арқасында орын алуда.

Қазақстанда шетел валютасы нарығындағы ахуал тұрақты. Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта қолма-қол шетел валютасы нарығындағы ахуал тұрақты. Көп жағдайда бұл қабылданған шаралардың арқасында орын алуда», - деген ол валюта нарығындағы сұраныс мен ұсыныстың теңгерімді болуы маңызды мәселе екендігін атап өтті.

Оның атап өтуінше, төлем баланстарына жүргізілген бағалау валюта операцияларының есепке толық алынбауы салдарынан жіберілген қателіктерді көрсетіп берген.

«Сондықтан да біздерде экспорттан валюталық түсімнің қандай көлемі Қазақстанға қайтарылып, қандай көлемі шетелдік банктердің есепшоттарында қалып қоятындығы жайында айқындық болуы керек. Ол үшін сыртқы экономикалық операцияларға және кәсіпорындардың қызметі талап етпеген жағдайда сатып алатын валютасына тыңғылықты мониторинг жүргізу қажет. Ұлттық банк тиісті шаралар қабылдауға дайын»,- деді Д.Ақышев.

Марлан Жиембай

Фото:today.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

Соболенко чуть не проиграла шестой ракетке мира в четвертьфинале US Open-2026

Град, дожди и пыльные бури: в каких регионах Казахстана ухудшится погода

В Таиланде нашли золотое кольцо возрастом 2 000 лет с загадочной надписью

Любовь и счастье войдут в жизнь трех знаков зодиака