БЖЗҚ қаржысы ет және сүт өнімдерін өңдеуге бағытталады

Zakon.kz
Бірінші кезекте «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында ет және сүт өнімдерін өңдеуге мән беріледі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) ақшасы ет және сүт өндіру жобаларын қаржыландыруға бағытталады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат.

«ҚазАгро» холдингі арқылы 100 млрд теңге агроөнеркәсіптік кешеннің басым жобаларын қаржыландыруға бөлінеді. Бірінші кезекте «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында ет және сүт өнімдерін өңдеуге мән беріледі. БЖЗҚ қаржысы есебінен «ҚазАгро» тарапы трансұлттық компаниялардың қатысуымен ет және сүт өндіру мен өңдеу бойынша жобаларды қаржыландырады. Қаржы «ҚазАгро» холдингімен 15 жыл мерзімге облигациялық қарыз арқылы тартылады», - деді министр.

Фото:www.inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

В Таиланде нашли золотое кольцо возрастом 2 000 лет с загадочной надписью

Кто стал победителем Всемирных игр кочевников: поставлена точка

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

Изменились правила валютных операций в РК

"Я не могу петь, плачу": Алла Пугачёва растрогалась во время встречи с 90-летним Раймондом Паулсом