Шарбақтылық кәсіпкердің саңырауқұлақтарына Славгород қаласынан тапсырыс түсуде

Zakon.kz
Ол үшінші топтағы мүгедек болса да бір сәтке де еңбек етуден тыңбаған. Бүгінде жеңсік астың бірі болып саналатын саңырауқұлақ Павлодар қаласының көптеген мейрамханалары мен дәмханаларының ас мәзіріне енген.

Шарбақты ауданының кәсіпкері Николай Белоусов Ресей елінің Славгород қаласында орналасқан «Оля» дәмханасын айына 280 келі саңырауқұлақпен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Екатерина Терещенко мәлім етті.

«Николай Белоусов бір миллион теңгеге Қытай елінен дайын саңырауқұлақ блогын, қоспалауыш, ағаш өңдейтін білдек, мицелий, полиэтилен қаптары мен "Енисей" жабдығын сатып алған. Ғимаратта 96 саңырауқұлақ блогы орналасқан. Әрбір блоктан ай сайын үш келі өнім алынады. Келісі 800 теңгеден саудаланатын саңырау­құлақ бір айдың ішінде тауарлық күйге келеді, - дейді Е. Терещенко.

Еске сала кетейік, Николай Белоусов 2014 жылдан бастап вешенка саңырауқұлағын өсірумен айналыса бастаған. Ол үшінші топтағы мүгедек болса да бір сәтке де еңбек етуден тыңбаған. Бүгінде жеңсік астың бірі болып саналатын саңырауқұлақ Павлодар қаласының көптеген мейрамханалары мен дәмханаларының ас мәзіріне енген.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: hutir.org

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Озвучены новые подробности по отравлению 52 человек в вагоне поезда в Алматы

Спутник NASA запечатлел жуткое явление в океане

Рыба, купленная с рук, грозит сроком до 7 лет: в прокуратуре сделали заявление

Трое юных спортсменов погибли в ДТП по пути на соревнования в Туркестанской области

Гигантская находка в Египте озадачила местных ученых