Еліміздің оңтүстігі мен батысында қар жауады

Zakon.kz
Республиканың оңтүстігі мен батыс бөлігінде циклон және фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, бұрқасынмен қатар жел күшейеді.

Республиканың оңтүстігі мен батыс бөлігінде циклон және фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, бұрқасынмен қатар жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат, Қазгидрометтің берген мәліметіне сүйеніп.

Қазақстаның қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, бұрқасынмен қатар жел 18 м/с-ге күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-ге күшейеді, бұрқасын болады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с-ге күшейеді, түнде кей жерлерде тұман болады. Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысында, түнде және таңертең Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Фото: www.metronews.ru

Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

День, когда Байконур замирает: почему 24 октября не запускают ракеты

Тренер "Бернли" объяснил, почему Дастан Сатпаев не играет весь матч