Павлодарда нәзік жандыларды тонаған 19 жастағы қыз бен жігіт ұсталды

Zakon.kz
Павлодарда кешқұрым уақытта көшеде нәзік жандыларды тонады деген күдікпен 19 жастағы жігіт пен бойжеткен ұсталды.

Павлодарда кешқұрым уақытта көшеде нәзік жандыларды тонады деген күдікпен 19 жастағы жігіт пен бойжеткен ұсталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық нысанды назарға алған жастар күш қолдану арқылы азаматшалардың ақша мен ұялы телефондар салынған сөмкелерін жұлып алған. Осылайша, 500 мың теңге шығын келтірілген. Бір аптаның ішінде зардап шеккен үш әйелдің бірі тонаушыны есінде сақтап, «102» құтқару нөміріне қоңырау шалған. Заттай айғақтар алынып, иелеріне қайтарылды.

Аталмыш фактіге қатысты бұған дейін сотты болмаған, ешбір жерде жұмыс істемейтін жастар ҚР ҚК-нің 191-бабы бойынша жазаға тартылады. Олар бұл әрекетке қаржы қажет болғандықтан барғандарын айтады. Қазіргі таңда жігіт Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына жіберілді. Ал, бойжеткенге қатысты кепіл түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Полицейлер қыз бен жігіттің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар деген болжам жасап отыр.

Фото: www.056.ua

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана