Қытайдың бірінші ханымы қазақ әнін орындады

Zakon.kz
Бейнебаяндағы әуен бойынша желі қолданушылары Пэн Лиюаньның орындауында Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш» әнін таныған. Пэнь Лиюань әнді қытай тілінде орындаған.

Желіде Қытай төрағасының жұбайы Пэн Лиюаньның қазақ әнін орындаған видеосы пайда болды, деп хабарлайды Baistars.kz.

Бейнебаяндағы әуен бойынша желі қолданушылары Пэн Лиюаньның орындауында Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш» әнін таныған. Пэнь Лиюань әнді қытай тілінде орындаған. Алайда бейнебаянның қай жылы түсірілгені белгісіз.

Айта кетейік, Қытай төрағасы Си Цзиньпиньнің жұбайы Пэн Лиюань Қытайдың танымал дәстүрлі әншісі. Көптеген ән байқаулардның жүлдегері. «Дәстүрлі музыка» мамандығы бойынша білім алған.Танымалдылығы шарықтап тұрған шағында халық арасында «Сәлдегүл перизаты» деп аталып кеткен.

Сәлдегүл Қытайда құрмет тұтылатын гүл. Ол императорлардың белгісімен байланыстырылады және сұлулық пен нәзіктікті бейнелейді. Көпшіліктің айтуынша Пэнь Лиюань — дәл осындай қасиетке ие.

Фото: www.novayagazeta.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заморозки до -7°С, снег и метели: штормовое предупреждение объявили в Казахстане

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Рыбакина с трудом переиграла 128-ю ракетку на пути к 1/2 финала WTA 500