2017 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі

Zakon.kz
2017жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген соманы жинақтау және 2017 жылғы 1 шілдеден бастап, ӘМСҚ арқылы медициналық қызметтер төлемдерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медицииналық сақтандыру енгізіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды baq.kz.

«Мемлекет азаматтардың 15 санаты үшін (оның ішінде 12-сі халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары) жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейді. Бүгінгі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жол картасы әзірленіп, бекітілді. Аталған құжатқа сәйкес, биылғы жылы нормативтік-құқықтық база жасалып, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылады.

Бұл 2017жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген соманы жинақтау және 2017 жылғы 1 шілдеден бастап, ӘМСҚ арқылы медициналық қызметтер төлемдерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді», -дейді Е. Біртанов.

Фото: nb.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Без шлема в бетон: смертельное ДТП с участием мотоцикла произошло в ночном Алматы

МВД обратилось к водителям после слухов о новых правилах медосмотра