«Алматы-Атырау» пойызының жолаушысынан 2 келіден аса героин тәркіленді

Zakon.kz
Тексеру барысында күдіктіден ірі көлемде есірткі заты бары анықталып, тәркіленді. Сараптама қортындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 1 келі 971 грамм героин болып шықты.

Ақтөбе стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасы есірткі бизнесіне қарсы бөлімінің қызметкерлері Қандыағаш стансасындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру шаралары барысында «Жұрын-Қандыағаш» стансалары өткелінде «Алматы-Атырау» бағытындағы Тальго жүрдек пойызында Жамбыл облысы Тараз қаласының 45 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тексеру барысында күдіктіден ірі көлемде есірткі заты бары анықталып, тәркіленді. Сараптама қортындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 1 келі 971 грамм героин болып шықты.

Аталған факт Қандыағаш ст. желілік полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 296 бабы 4 бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Фото:altaynews.kz

Актюбинская область
Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Без шлема в бетон: смертельное ДТП с участием мотоцикла произошло в ночном Алматы

Мафия использовала кошек как живые факелы для поджога лесов