Алматы Оңтүстік Кореямен байланысты нығайта түспек

Zakon.kz
Кездесу барысында тараптар Алматының халқаралық беделін арттыру мен екіжақты серіктестікті дамыту мәселелері жөнінде сөйлесті.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Оңтүстік Кореяның Алматыдағы бас консулы Джон Сын Минді қабылдады, деп жазады ҚазАқпарат.

Кездесу барысында тараптар Алматының халқаралық беделін арттыру мен екіжақты серіктестікті дамыту мәселелері жөнінде сөйлесті. Қала басшысы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ғылым мен мәдениет, медицина саласындағы, сауда-экономикалық байланысты тілге тиек етті. Оның айтуынша, Алматыда қазір 179 ортақ кәсіпорын бар. 480 кәсіпорны кәріс капиталымен жұмыс жасап жатыр.

Бас консул Қазақстанмен байланыс Корея үшін өте маңыздылығын, екі елдің арасындағы тарихи жақындықты да айта кетті. Оның мәлімдеуінше, жақында Кореядан Қазақстанға бизнес-делегация келеді. Кездесу соңында бас консул «Алматы-2020» бағдарламасы мен қаланың 1000 жылдық мерейтойын тойлау шараларына қатысуға ынталы екендігін білдірді.

Фото:www.inform.kz

Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

В Таиланде нашли золотое кольцо возрастом 2 000 лет с загадочной надписью

Кто стал победителем Всемирных игр кочевников: поставлена точка

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

Изменились правила валютных операций в РК

"Я не могу петь, плачу": Алла Пугачёва растрогалась во время встречи с 90-летним Раймондом Паулсом