Көлік полицейлері «Оңтүстік ағым» жедел-профилактикалық операциясын өткізді

Zakon.kz
Операцияны өткізу кезінде 7 қылмыс және 10 қылмыстық теріс қылық анықталды.

Көліктегі ІІД-нің қызмет көрсету аумағында 2016 жылғы 17 мен 28 ақпан аралығында барлық ішкі істер желілік бөліністерінің күштері мен құралдарын жұмылдырған «Оңтүстік ағым» жедел-профилактикалық операциясы өтті, -деп хабарлайды Zakon.kz, көліктегі ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйеніп.

Шараның мақсаты – Республика аумағына оңтүстік өңірлері арқылы келетін есірткінің заңсыз тасымалының жолын кесу және заңсыз есірткі айналымына қарсы әрекеттің ықпалын күшейту.

Көліктегі ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен Республика аумағына Қырғыз Республикасынан, сондай-ақ, Өзбекстан Республикасынан келетін пойыздар мұқият тексерілді.

Мәселен, жедел-профилактикалық шара барысында Ақтөбе станциясындағы Ішкі істер желілік басқармасының есірткіге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлерімен «Алматы-Атырау» бағытындағы жолаушылар пойызында салмағы 1 келі 971 граммды құрайтын «героин» есірткі заты анықталып, тәркіленіп алынды. Аталған факт ҚР ҚК 296 бабы 4 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Операцияны өткізу кезінде 7 қылмыс және 10 қылмыстық теріс қылық анықталды.

Есірткінің заңсыз айналымынан 8 келіден аса есірткі заты, оның ішінде 2 келіге жуық героин тәркіленді.


Туркестанская область
Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана