ОҚО-да мұғалімдерге оқ атқан оқу ісінің меңгерушісіне қатысты іс сотқа жолданды

Zakon.kz
ОҚО-да өз әріптестеріне оқ атқан мектептің оқу ісі меңгерушісіне қатысты іс сотқа жолданды.

ОҚО ІІД хабарлағандай, Шардара ауданындағы мектептің меңгерушісіне қатысты «Бұзақылық» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Іс сотқа жолданды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Амангелді Иманов атындағы мектептің меңгерушісі мас күйінде әріптестерімен сөзге келіп қалып, аң аулауға арналған қарудан оларға оқ атқан. Оқыс оқиға 29 желтоқсанда кешке орын алды. Алайда ешкім жапа шекпеді. Бұл мұғалім 5 жылдай мектепте жұмыс істеп келеді, қазір де осы оқу ордасында қызмет атқарып жатыр.

Фото: altaynews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

В Таиланде нашли золотое кольцо возрастом 2 000 лет с загадочной надписью

Кто стал победителем Всемирных игр кочевников: поставлена точка

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

Изменились правила валютных операций в РК

"Я не могу петь, плачу": Алла Пугачёва растрогалась во время встречи с 90-летним Раймондом Паулсом