Шымкентте жол апатынан зардап шеккен бүлдіршін есін жиды

Zakon.kz
Қазір Мәліктің анасы жол апаты болғанда Фольцваген көлігінде отырған 3 жолаушының үстінен полицияға шағым жазған.

Оңтүстікте көліктің астында қалып, зардап шеккен 1,5 жасар сәби есін жиды. Қазіргі сәтте Мәлік Ақнұров көзін ашып, ата-анасын қуантып отыр. Тәбеті де жаман емес,-деп хабарлайды otyrar.kz.

Еске салайық, 1,5 жасар бүлдіршінді 26 ақпан күні Шұбарсу ауылындағы өз үйінің қасында жүргізуші қағып кеткен еді. Соның салдарынан сәби бір аяғынан айрылған. Кейінірек полицейлер көлікті басқарған адамның мас болғанын анықтады.

Қазір Мәліктің анасы жол апаты болғанда Фольцваген көлігінде отырған 3 жолаушының үстінен полицияға шағым жазған. Ләззат Жаханшаева өз көлігін машина басқаруға құқығы жоқ әрі мас адамға басқаруға берген көлік иесін жауапқа тартуды талап етеді. Бұған қоса жол апаты болған кезде көлікті тастай қашқан екі жолаушы да жауап беруі тиіс дейді ана.

Ал қазір сотқа дейінгі тергеу-тексеру ісі жалғасуда.

Фото: today.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

В Таиланде нашли золотое кольцо возрастом 2 000 лет с загадочной надписью

Кто стал победителем Всемирных игр кочевников: поставлена точка

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

Изменились правила валютных операций в РК

"Я не могу петь, плачу": Алла Пугачёва растрогалась во время встречи с 90-летним Раймондом Паулсом