Түркістан тұрғыны есірткімен ұсталды

Zakon.kz
Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың салмағы 150 гр марихуана екені анықталды.

Тәртіп сақшылары марихуана сатты деген күдікпен Түркістан қаласының тұрғынын ұстады. 40 жастағы азаматтың қолына кісенді облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы барысында салған, деп хабарлайды otyrar.kz.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізу кезінде жатын бөлмедегі көрпе астынан марихуана тектес есірткі заты тәркіленді.

Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың салмағы 150 гр марихуана екені анықталды.

Қазір осы жайт бойынша қылмысты кодекстің 297-бабымен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) іс қозғалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Фото:otyrar.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

Какие новые правила ждут работников и работодателей с 8 июня 2026 года