Оралда пара алған мектеп директорына 3,5 млн. астам теңге айыппұл салынды

Zakon.kz
Сот талқысында белгілі болғанындай, Ф.Даумова келісімшарт бойынша оқушыларды ыстық тамақпен қамтитын жеке кәсіпкерден жалпы қамқоршылық үшін 71 мың теңге пара алған.

Орал қалалық сотының үкімімен орта білім беретін мектеп директоры Ф.Даумова ҚР ҚК 366-бабы 1-бөліміне (пара алу) сәйкес айыпты деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен бірге параның елу еселенген көлемінде 3,550 млн. теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол сонымен қатар мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот талқысында белгілі болғанындай, Ф.Даумова келісімшарт бойынша оқушыларды ыстық тамақпен қамтитын жеке кәсіпкерден жалпы қамқоршылық үшін 71 мың теңге пара алған.

Сот үкім шығарған кезде қылмыстың сипаты мен ауырлығын, сонымен қатар сотталушының отбасылық жағдайын, іс-әрекетіне өкінгенін және қылмысқа бірінші рет барғанын ескерді.

Елжан Ералы

Фото: pavon.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо