Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жүйесі жетілдіріледі

Zakon.kz
Ұсынылып отырған өзгертулер тұтынушылар құқығын қорғау саласында құзыретті органның құзіретін реттеу, кәсіпкерлік саланың әлеуметік-жауапкершілігін арттыруды көздейді

Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғаудың жаңа ұтымды тетіктері құрылады. Заңнамалық түзетулердің сәйкес пакеті бүгін Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында қаралды, деп хабарлайды zakon.kz, primeminister.kz таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғаудың ұтымды тетіктерін құру мақсатында жоба мыналарды көздейді: сатылымға, тауарларды қайтару мен ауыстыруға қойылатын талапты жетілдіру; жұмысты атқарудың, қызмет көрсетудің тәртібі, электрондық сауданың құқықтық тәртібін анықтау», - деп мәлімдеді «Кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылар құқығын қорғау бойынша бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын депутаттарға таныстырған ҚР ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов.

Ол айтып өткендей, ұсынылып отырған өзгертулер «тұтынушылар құқығын қорғау саласында құзыретті органның құзіретін реттеу, азаматтарды қосымша құқықтық тәртіппен қамту, кәсіпкерлік саланың әлеуметік-жауапкершілігін арттыруды көздейді».

Т.Жақсылықовтың айтуынша, заң жобасының негізгі мақсаты: саланың реттелуін жүзеге асыру; тұтынушылар құқығын қорғау бойынша жаңа тетіктерді құру; регламенттеу, тұтынушылар құқығын қорғау саласында мемлекеттік реттеудің сапасын арттыру, тұтынушылардың қоғамдық қатысуын жүзеге асыру болып табылады.

Фото:09region.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Без шлема в бетон: смертельное ДТП с участием мотоцикла произошло в ночном Алматы

Август 2026 года принесет засуху в семь регионов Казахстана