Қазақстан 2016 жылы мұнай өндірісінің көлемін арттырмайды

Фото: zakon.kz
Биылғы жылдың алғашқы екі айында 13 264 мың тонна мұнай өндіріліпті. Ал Блумбергтің хабарлауынша, ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдердің кездесуі сәуірге жоспарланып отыр.

Биыл Қазақстан мұнай өндірісінің көлемін арттырмайды. Арнамыздың ресми сұрауына жауап берген Энергетика министрлігі осыған сендірді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Ведомствода "қара алтын" өндірісі онсыз да мейілінше төмендетілгенін айтады. "Мұнайдың әлемдік бағасы құлдыраған соң жер қойнауын пайдаланушылар бұрғылау жұмыстарын қысқартуға мәжбүр болды. Яғни, Қазақстандағы мұнай өндірісінің қысқаруы нарықтық факторларға тікелей тәуелді", делінген жауапта.

Айта өтейік, биылғы жылдың алғашқы екі айында 13 264 мың тонна мұнай өндіріліпті. Ал Блумбергтің хабарлауынша, ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдердің кездесуі сәуірге жоспарланып отыр. Онда мұнай өндірісін сақтап қалу мәселесі талқыланбақ. Энергетика министрі Қазақстан шақырту алса, бұл жиынға қатысатынын айтқан болатын.

Ләйлә Қазиақпарова

Фото: reactor.inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо