Анкарадағы терактіні 1 әйел мен 1 ер адам ұйымдастырған

Zakon.kz
Оқиға орнына жұмылдырылған ішкі істер қызметкерлері жанкешті әйелдің жеке куәлігін де тапқан. С.Ч.Д есімді азаматша Балыкесир университетінің түлегі екен.

Түркия астанасы – Анкарадағы жарылысты 1 әйел мен 1 ер адамның ұйымдастырғаны белгілі болды. Бұл туралы Haber7.com хабарлайды.

Лаңкестердің екеуі де оқиға орнында қаза болғандығы анықталды. Оқиға орнына жұмылдырылған ішкі істер қызметкерлері жанкешті әйелдің жеке куәлігін де тапқан. С.Ч.Д есімді азаматша Балыкесир университетінің түлегі екен. Ол 2013 жылы лаңкестік ұйым қатарына қосылған.

Өртке оранған автобустың артында келе жатқан автобустағы Доған Ашык есімді куәгердің айтуынша, жарылысқа дейін бір көліктің әлгі автобусқа жақындап келгендігін және отты жарылыстың 2 рет болғандығын айтты. Бұған қоса ол жарылыстың жойқын болғандығы соншалық автобустың терезесінен сыртқа ұшып түскенін алға тартты.

Фото:ria.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана