Биыл Алматыда 14 әлеуметтік нысан сейсмикалық тұрғыдан күшейтіледі

Zakon.kz
Жыл соңына дейін аталмыш шаралар 9 білім беру ошағы мен 5 денсаулық сақтау орындарында жүргізілмек.

Жыл соңына дейін Алматыда 14 әлеуметтік нысан сейсмикалық күшейтіледі. Бұған жергілікті бюджеттен 5 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Ширек ғасыр тарихы бар мына білім ордасы биыл бірінші рет күрделі жөндеу мен сейсмикалық күшейтуден өткен. №79 мектеп гимназиясын толығымен ретке келтіру үшін қала қазынасынан 475 миллион теңге қарастырылыпты.

"Біздің мектептің салынғанына 35 жыл болған. 2015 жылдың шілде айында сейсмикалық күшейту жұмыстары мен күрделі жөндеу жасалды. Бағаналар, қабырғалар және мектептің іргетасы жаңартылып, электр жүйесі толық ауыстырылды. Жасалған жұмыстарға көңіліміз толады",- деді №79 гимназия директорының міндетін атқарушы Марина Васильевская.

Бұл мектепке күрделі жөндеу мен сейсмикалық күшейту жұмыстары жарты жыл бойы жасалған. Пайдалануға берілгеніне бір ай болған ғимарат ішіндегі бағаналар, қабырғалары мен мектеп іргетасы күшейтіліпті. Енді мұндағы 1500-ден аса оқушы қауіпсіз жерде білім алуда. Тағы бір ақпар, қажет болған жағдайда аталмыш шара қаладағы барлық білім ошақтары мен денсаулық сақтау орындарында жүргізілмек. Оған қалалық қазынадан тиісті қаражат та бөліп отыр.

Жыл соңына дейін аталмыш шаралар 9 білім беру ошағы мен 5 денсаулық сақтау орындарында жүргізілмек. Бұған дейін қабырғасы қақырап, табалдырығы тозып тұрған бірнеше ғимаратты құрылысшылар мінсіз кейіпке келтірмек.

"Бүгінгі таңда 5 емханамыз осы сейсмикалық жөндеуден және күрделі жөндеуден өтуге тиісті. Қазіргі таңда жоспарлардың бәрі дайын болып отыр",- дедіАлматы қ. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бағдагүл Әбдірасылова.

Соңғы бес жылда Алматыда 100-ге жуық нысан қайта жөнделіп, қабырғалары бекітілген. Олар 8 балға дейінгі жер сілкінісіне төтеп беруге қауқарлы.

Азамат Әуезхан, Мұрат Тайжан

Фото: www.espanarusa.com

Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана