Павлодар облысында жол салған құрылысшылар жалақысын ала алмай жүр

Zakon.kz
Жеке кәсіпкер Бауыржан Сәбиковтың айтуынша, оның қарамағындағы 3 көлік жүргізушісі мамыр-қазан айлары аралығында еңбек еткен. Алайда, еңбекақысына қол жеткізе алмаған.

«Павлодар – Астана» жолының «Спутник-Пограничник» учаскесінде жөндеу жұмыстарына құрылыс материалдарын тасымалдаумен айналысқан жүргізушілер былтырғы жылдың жазынан бері жалақы ала алмай жүр, деп хабарлайды Bnews.kz.

60-қа жуық жүргізуші маңдай терімен тапқан ақшасын ала алмай, түрлі мекеменің табалдырығын тоздырған. Сан соғып қалған азаматтардың айтуынша, «Унистрой-ПВ» компаниясы бүгінде жүзге жуық жұмысшыға 90 миллион теңге қарыз.

Жеке кәсіпкер Бауыржан Сәбиковтың айтуынша, оның қарамағындағы 3 көлік жүргізушісі мамыр-қазан айлары аралығында еңбек еткен. Алайда, еңбекақысына қол жеткізе алмаған.

«Ақсу ауылдық аймағындағы 14 шақырымдық «Спутник-Пограничник» жол учаскесіне құрылыс материалдарын тасымалдаумен айналыстық. Әр жүргізушіге айына 700 мың теңге төлену керек еді. Біз еңбек келісімшартын «Унистрой-ПВ» фирмасымен жасадық. Бұған дейін бірнеше құзырлы органға шағымдандық. Әзірге нәтиже жоқ», - дейді кәсіпкер.

Павлодар қалалық прокуратурасының аға прокуроры Ерлан Түлековтің айтуынша, қазіргі таңда жұмысшыларына жалақы бермеген фирмаға қатысты тексеріс жұмыстары басталған.

«Қазір облыстық еңбек басқармасымен бірлесіп, «Унистрой-ПВ» компаниясына қатысты тексеріс жүргізіп жатырмыз. Компания жұмысшыларға қанша қарыз екені әзірге белгісіз. Басшыларын заңды мекенжайынан таппадық», - дейді Е. Түлеков.

Айта кетейік, жұмысшылар компанияның кеңесіне барып, басшылармен кездеспекші болған. Бірақ, директор жұмыс орнында болмапты.

Фото: izvestia.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Мороз до -17°C и снегопад обрушатся на Алматы, а что ждет Астану и Шымкент

Матч "Реала" против "Сельты" закончился драмой для Килиана Мбаппе

В Дубае показали, как строят второе по высоте здание в мире

Казахстан ждет резкое похолодание до -35°C

Тариф на тепло вырастет в одном из городов Казахстана