Оңтүстік Қазақстанда Наурыз мерекесіне орай келіндер байқауы өтті

Zakon.kz
Байқауға қатысушылар 5 кезең бойынша өзара сайысқа түсті.

Оңтүстік Қазақстан облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Наурыз мерекесіне орай «Ұлттық салт-дәстүр нәрімен сусындаған - Бесік жыры» атты келіндер байқауы өтті. Байқауға қатысушылар 5 кезең бойынша өзара сайысқа түсті, деп хабарлайды "Қазақстан" ҰТА.

«Сымбат-көркі сынымен!» атты тақырыпта байқауға қатысушылар өздерін таныстырса, «Сәбиімді әлдилеймін әндете» атты тақырыпта бесік жырын орындады. «Ана көрген тон пішер» тақырыбында келіндер қолөнерге деген шеберліктерін байқатты. «Салт-дәстүр асыл қазынам» тақырыбында әңгіме сұрақ-жауап түрінде өрбіді. «Өнерлі - өрге жүзерде» келіндер өнерлерін ортаға салса, «Даналар мұрағаты» - мақал-мәтел жарысы тақырыбында сайысқан келіндер біліктілігі мен өнерлерін паш етті. Мерекелік байқау «Ақ босаға» әнімен ашылып, «Шашу» және «Көркем» әжелер тобы мүшелерінің ақ батасымен басталды.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің 3 курс студенті Әсем Нұралиева алса, бірінші орынды Б.Момышұлы атындағы №44 жалпы орта мектеп оқытушысы Жанар Оралбаева, ал екінші орынды банк қызметкері Динара Наханова жеңіп алды. Үшінші орын Жұлдыз Қалмұрзаеваға бұйырды.

Фото: kaztrk.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо