Іздеуде жүрген 13 қылмыскер ұстады

Zakon.kz
Әр түрлі әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін – 437 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Құқықтық тәртіп» ЖПШ алғашқы күні ҚР ІІМ Көліктегі ІІД қызмет көрсету аумағы бойынша 8 қылмыс, соның ішінде 3 қылмыстық теріс қылық тіркеліп, барлығы кезекшілік тәулік ішінде ашылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сондай-ақ, бұрын жасалған 7 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 13 қылмыскер ұсталды.
Департамент бастығының орынбасары Талғат Өтетілеуовтің айтуынша, әр түрлі әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін – 437 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде ұсақ құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидаты бойынша - 228, ұсақ бұзақылық - 41, спирттік ішімдіктерді ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде жүру – 77, белгіленбеген орындарда сауда жасау – 48, қоғамдық орындарда тиісу бойынша - 4 факті тіркелді. ҚР-да болу тәртібін бұзған – 79 шет елдік азамат ұсталды.

Мәселен, ағымдағы жылғы 15 наурыз күні Орал ст. Ішкі істер желілік бөлімі қызметкерлерінің басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесе жүргізілген тексеруі барысында «Алматы-Мәскеу» бағытындағы жолаушылар пойызының вагондарының бірінде «Семиглавый Мар» стансасында 29 жастағы азамат ұсталды. Ол ҚР мемлекеттік шекарасында құжаттарды тексеру кезінде 1989 жылы туылған өзге азаматтың жеке куәлігін көрсетіп, сол арқылы ҚР мемлекеттік шекарасын қасақана кесіп өтпек болған.

Жоғарыда аталған факт ҚР ҚК 392 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Сонымен қатар, полиция полковнигі 5 жасөспірім көлік нысандарында қараусыз жүргені үшін Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылғандығын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, «Наурыз мейрамын» мерекелеу қарсаңында 16-18 наурыз аралығында Көліктегі ІІД қызмет көрсету аумағында тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Астана
Актау
Актобе
Алматы
Западно-Казахстанская область
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды