Шымкентте «Қазақ елі» мультфильмі көрсетілді

Zakon.kz
Нұриддин Паттевтің айтуынша мултфильм басында 6 серия болуы тиіс екен. Онда 6 ханды көрсету жоспарланыпты. Бірақ, кейін бұл жоспар өзгерген. Нәтижесінде ұзақтығы 1 сағат болатын мультфильм жасалыпты.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Шымкентте «Қазақ елі» деп аталатын алғашқы толық метражды анимациялық фильм көрермен назарына ұсынылды. Ұзақтығы 1 сағат болатын тарихи туындыда Қазақ хандығының құрылу кезеңі суреттеледі, деп хабарлайды «Қазақстан» ҰТА.

Оның негізін қалаған Жәнібек пен Керейдің бала кезінен хандықты құрғанға дейінгі өмір жолдарын қамтиды. Барақ пен Болат, Әбілқайыр сұлтандар және қазақ даласындағы Сауран, Сығанақ, Отырар, Түркістан қалалары көрсетіледі. Туынды - бірліктің маңызын түйсіндіреді, батырлықты насихаттайды. Тарихи шығарма еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген. Мультфильм мамыр айынан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіледі. Оңтүстікқазақстандық аниматорлар оны жасауға 8 ай бойына тынымсыз еңбек еткен.

«Сақ» киностудиясының директоры Нұриддин Паттевтің айтуынша мултфильм басында 6 серия болуы тиіс екен. Онда 6 ханды көрсету жоспарланыпты. Бірақ, кейін бұл жоспар өзгерген. Нәтижесінде ұзақтығы 1 сағат болатын мультфильм жасалыпты.

Фото: www.qazaquni.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

21 квартиру, 7 машин, гаражи, магазины и гостиницу конфисковали у владелицы ломбардов в Алматинской области

Как казахстанцы отдохнут на День Республики в 2026 году

Укутать теплом: казахстанская семья шьет комфортные одеяла, которыми укрываются даже за границей

Сохранит воду, поступающую из России: три новых водохранилища планируют построить на западе Казахстана

Заморозки до -7°С, снегопад и метель обрушатся на Казахстан – опубликован прогноз погоды на 20 октября