Талғат Ермегияев 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Zakon.kz
Бұл іс бойынша Т.Ермегияевпен қатар күдіктілер сапында 20-дан аса адам бар.

Бүгін ЕХРО-2017 ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевке қатысты негізгі сот тыңдауы басталды, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Түске дейін мемлекеттік айыптаушы 500 томды құраған іс материалының бірнеше томын ғана оқып үлгерді. Прокурор Т.Ермегияевке «ауыр қылмыс жасады» деп айып тақты. Тергеу нәтижесінде анықталғандай, ЕХРО-2017 компаниясының бұрынғы басшысы 4,2 млрд теңгені заңсыз иемденген. Бұл дерек сотта расталатын болса, Т.Ермегияев 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, атышулы бұл іс бойынша Т.Ермегияевпен қатар күдіктілер сапында 20-дан аса адам бар. Сотта Ермегияевтің құқығын екі адвокат қорғайды. Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен айыпталған ұлттық компанияның бұрынғы басшысы өткен жылы маусым айында үй қамағына алынған болатын.

Фото:mediasat.info

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Разрывает сердце": организация ООН опубликовала обращение Димаша Кудайбергена к миру

Опубликовано штормовое предупреждение на 20 сентября

"Я вас всех порешаю": буйного водителя и пассажира эффектно задержали в Алматы

Мощный приток денег и энергии: кого ждет резкий поворот судьбы в ближайшие дни

Курсы валют в обменниках Астаны и Алматы на 20 сентября