К.Мәсімов пен АҚШ энергетика министрі ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады

Zakon.kz
Өз кезегінде Э.Мониз Қазақстанның ядролық қаруды таратпауға қосқан үлесін және ирандық келіссөздер жүргізу кезіндегі оның маңызды рөлін жоғары бағалады.

Үкімет Үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің АҚШ энергетика министрі Эрнест Монизбен кездесуі өтті, деп хабарлайды zakon.kz, primeminister.kz таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.

Келіссөздер барысында тараптар атом энергетикасы, мұнай-газ саласындағы, энергия тиімділігі және баламалы энергетиканы дамыту сферасындағы өзекті мәселелердің кең ауқымын талқылады.

К.Мәсімов Э.Монизді ядролық қауіпсіздік бойынша Саммитті табысты өткізумен құттықтап, аталған саладағы біздің елдеріміздің мақсаттарының ортақтығын баса айтты. Премьер-Министр сондай-ақ жақында отырысы өткен қазақстандық-америкалық арнайы комиссияның энергетика саласындағы серіктестігі бойынша одан арғы жемісті еңбегіне сенімділігін білдірді.

Өз кезегінде Э.Мониз Қазақстанның ядролық қаруды таратпауға қосқан үлесін және ирандық келіссөздер жүргізу кезіндегі оның маңызды рөлін жоғары бағалады.

Кездесу қорытындысы бойынша К.Мәсімов пен Э.Мониз екіжақты және көпжақты өзара қатынастарды одан әрі нығайтуға келісті.

Фото: mirshvei.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

В пятницу, 13-го, на Казахстан обрушится непогода

МВД срочно обращается к родителям Казахстана из-за угрозы для подростков

Космический аппарат NASA рухнул из космоса: куда и как это было

FIFA вынесла решение по поводу участия сборной Ирана в ЧМ-2026 по футболу

Ограничение движения автомобилей в Алматы: кого и как затронут новые правила