Еліміздің бірнеше облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Zakon.kz
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Еріген қар суының басуы салдарынан еліміздің үш өңіріндегі республикалық және облыстық жолдар жабық. Бұл туралы "Қазақстан" ҰТА, ҚР ІІМ ТЖК-ның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп хабарлады.

Ақтөбе облысында жердің қатты ылғалдануына байланысты республикалық манызы бар «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» жолының 200-220 шақырымы аралығында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Солтүстік Қазақстан облысында судың жайылуына байланысты облыстық «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» жолының 0-48 шақырымы аралығында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды.

Қостанай облысында көктемгі судың тасуына байланысты республикалық «Екатеринбор-Алматы» жолының 686-729 шақырымы Сарыкөл ауылынан СҚО шекарасына дейінгі аралығында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

Фото: www.7232.kz

Актюбинская область
Костанайская область
Северо-Казахстанская область
Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заморозки до -7°С, снег и метели: штормовое предупреждение объявили в Казахстане

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Ночные морозы ожидаются в Алматы: погода на неделю

Сезон тыквы: что приготовить из главного овоща осени

Курс доллара снова вырос на торгах 23 октября