ҚР ДСӘДМ мен Қазақстанның фармацевтикалық қауымдастықтары Меморандумға қол қойды

Zakon.kz
ҚР ДСӘДМ мен Қазақстанның фармацевтикалық қауымдастықтары дәрілік заттардың бағаларын ұстап тұру бойынша Меморандумға қол қойды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова және Қазақстанның кәсіби фармацевтикалық қауымдастықтарының басшылары дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 105 атауларына бағасын ұстап тұру бойынша Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz, primeminister.kz таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.

«Меморандумға қол қою мақсаты халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарын қолдау болып табылады. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың отандық және халықаралық өндірушілері, дистрибьюторлар және бөлшек сауданың өкілдері бағаны ұстап тұру туралы әлеуметтік жауапкершілікті өздеріне алып, жиі қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 105 атауының бағаларын бекітті. Меморандум 2016 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады», - деп хабарлайды ведомство.

ҚР ДСӘДМ мәліметінше, тізімге қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын препараттар, жүрек, асқазан ауруларына қарсы, сонымен бірге антигистаминді, гипотензивті дәрілер, көз және құлақ тамшылары, дәрумендер және т.б. дәрі-дәрмек түрлері кіреді.

«Жоғарыда көрсетілген құжатқа Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова, «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығының президенті Серік Сұлтанов, «Қазақстан Республикасы Халықаралық фармацевтикалық өндірушілері» қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин, «Қазақстан Республикасы Фармацевтикалық өнім дистрибьюторлары» қауымдастығының атқарушы директоры Наталья Гунько қол қойды», - делінген хабарламада.

Фото:www.m-astana.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана