Прокурорлар азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауда

Zakon.kz
Жыл басынан бері қадағалау актілерімен 2 млрд. теңге көлеміндегі 30 мыңға жуық азаматтың еңбек ақысы бойынша қарыздарды өтеу қамтамасыз етілген.

Прокуратура органдары барлық меншік нысандарындағы кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақының уақтылы берілуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін жүргізуде. Бұл бағытта уәкілетті мемлекеттік органдармен, жұмыс берушілер қауымдастығымен және кәсіподақтармен өзара іс-әрекет жасау жүйесі орнатылған, деп хабарлайды zakon.kz, Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.

Еңбек ақысы бойынша мерзімі өткен қарыздарды жабу мақсатында тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Жыл басынан бері қадағалау актілерімен 2 млрд. теңге көлеміндегі 30 мыңға жуық азаматтың еңбек ақысы бойынша қарыздарды өтеу қамтамасыз етілген.

Мысалы, осы жылдың сәуір айында Ақтөбе облыстық прокуратурасының қолданған шаралары нәтижесінде «ОйлТехноГрупп» ЖШС, «ЛАД» ЖШС және «Акколь» ЖШС қызметкерлерінің алдында жалпы соммасы 28,2 млн. теңгені құрайтын қарыздың өтелуі қамтамасыз етілді.

Ақмола облысының прокуратурасы құзіретті органдармен бірлесе отырып «Жеке батыр» ЖШС-нің 15 қызметкеріне 148,7 млн.теңге көлеміндегі қарызды өтеу жөніндегі шараларды қабылдады.

Азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылуына кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөніндегі мәселелер прокурорлардың ерекше бақылауында.

Жыл басынан бері прокурорлық қадағалау актілері бойынша 245 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Фото: www.inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заморозки до -7°С, снег и метели: штормовое предупреждение объявили в Казахстане

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Ночные морозы ожидаются в Алматы: погода на неделю

Рыбакина с трудом переиграла 128-ю ракетку на пути к 1/2 финала WTA 500

Курс доллара снова вырос на торгах 23 октября