Саяжай тұрғындарын шулатқан азамат сотталды

Zakon.kz
Сот залынан оңай босатылған сотталушы жеңіл жазаға кесілді. Ол шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айрылды.

Әл Фараби аудандық соты оннан астам жәбірленушінің үйін алдап алған азаматқа үкім оқыды. Пайызға ақша беретін Естаевты жәбірленушілердің өздері іздеп барып, ақша алады. Ал бұл азамат қаржыны сәл кешіктіргендердің үйін нотариус арқылы өзіне аударып алады екен, деп хабарлайды otyrar.kz.

Алаяқтық жасап, жұрттың есін шығарған Естаев сот алдында жауап берді. Оның ісін сотқа дейін прокурорлар мен тергеушілер әбден зерделеген. Әйтпесе, бұл қылмыс түрін дәлелдеу қиын дейді прокурорлардың өзі. Мемлекеттік айыптаушының ұсынысымен барлық жәбірленушілердің ісі біріктірілген.

Дильфуза Абубакирова — 200 мың теңге ақша аламын деп, жалғыз баспанасынан айрылып қала жаздаған жәбірленушінің бірі. Бұл істе 14 жәбірленуші бар. Естаев баспана құжаттарын қалайша аударып алғанын үй иесі өзі де білмей қалған.

Сотта айыпталып жатқан азаматтың қорғаушысы Естаевтың жазасын жеңлдетуді сұраныпты. Оның өз кінәсін толық мойындағанын алға тартып, өкініш білдіретінін жеткізген. Сондай-ақ, асырауында 5 баласының барын ескеруді өтініпті.

Сот залынан оңай босатылған сотталушы жеңіл жазаға кесілді. Ол шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Себебі жәбірленушілердің басым бөлігіне жылжымайтын мүлкін кері қайтарып берген. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ернар Балабеков

Фото: sakhalife.ru


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана