Май ауданында екі азамат 10 гектар шабындық жерді өртеп, қайық арқылы көзден таса болды

Zakon.kz
Жалпы 24 наурыз бен 13 сәуір аралығында облыс аумағындағы шабындықтарда 22 өрт шыққан. Олардың басым бөлігі Ақсу ауылдық аймағында, Май, Лебяжі және Павлодар аудандарында орын алды.

Май ауданы Малайсары аулына қарасты 10 гектар шабындық жерді өртеп қайық арқылы көзден таса болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке берген сұхбатында Павлодар қаласы орман және жануарларды қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемеменің директоры Аждар Жүсіпов хабарлады.

- Кеше кешкі сағат бестің кезінде орманшы өрт шығарған екі адамды байқап, олардың ізіне түскен. Бірақ олар қайыққа отырып, Лебяжі ауданына қарай бет алып үлгерді. Зиянкестер туралы ақпарат сол арада АІІБ-не жіберілді. Өкінішке орай Лебяжі ауданының полиция қызметкерлері оларды күтіп, ақыры бос қол оралды. Осы уақытта орман күзетінің үш жұмысшысы мен әкімдіктің төрт қызметкерлері екі сағаттың ішінде арнайы шартылдақпен өртті ауыздықтады. Жалпы жанған шабындықтың көлемі 10 гектар жерді құрады, - деді А.Жүсіпов.

Мекеме басшысының айтуынша, орманшы ер азаматтардың бетін көре алмады. Олардың біреуі – қызыл, екіншісі ақшыл күртешеде болған. Орман және жануарларды қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемеменің қызметкерлерінің пайымдауынша аталмыш өрт түріне көбінесе шаруа қожалықтарының қатысы бар.

Жалпы 24 наурыз бен 13 сәуір аралығында облыс аумағындағы шабындықтарда 22 өрт шыққан. Олардың басым бөлігі Ақсу ауылдық аймағында, Май, Лебяжі және Павлодар аудандарында орын алды.

Назым Қарабаева

Фото: 112.ua

<!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
<!-- [endif] -->

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

МВД Казахстана обратилось к водителям с важной информацией

SMS с 1414: к казахстанцам с важным предупреждением обратилось Министерство ИИ

Назван курс доллара к тенге в 2026 году

Доллар еще подорожал на торгах 10 декабря

Испанский журналист замерз в Астане перед матчем "Кайрат" – "Олимпиакос"