Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері - 136,1 мың теңгені құрады

Zakon.kz
Ал, 2015 жылғы инфляция деңгейі 13,6 пайызды құраған.

2015 жылы Қазақстанның ауыл шаруашылығы дамыған оңтүстік облыстарында жұмыс күшіне сұраныс артып, өндірісті аймақтарында керісінше төмендеген. Жалақы өсімі ешбір аймақта инфляцияның ресми деңгейіне жете алмады, деп жазады «Қазақстан» ҰТА, ranking.kz жариялаған мақалаға сілтеме беріп.

Экономикалық өсімнің баяулауы еңбек нарығындағы жағдайдың төмендеуіне әкелді. Статистикалық мәліметтер бойынша, жұмыс күші мен орташа жалақы мөлшері қысқармағанымен, көрсеткіштер өсімі бір жылда рекордтық деңгейге дейін төмендеген.

2015 жылдың төрт тоқсаны бойынша Қазақстандағы нақты жұмыс күші 3 миллион 629 мыңды құрады. Бұл - алдыңғы жылмен салыстырғанда, 10,4 мың адамға ғана артық. Ал, орташа жалақы мөлшері - 136,1 мың теңге. Бір жылдық өсім - 5,2 мың теңге.

Ал, 2015 жылғы инфляция деңгейі 13,6 пайызды құраған.

Фото: money.caravan.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Мороз до -17°C и снегопад обрушатся на Алматы, а что ждет Астану и Шымкент

Курс доллара снова вырос на торгах 8 декабря

"Шедевр": Игорь Крутой и казахстанец Alex Lim впервые выступили вместе на большой сцене

Казахстан ждет резкое похолодание до -35°C

Сильный снегопад и гололед накроют почти весь Казахстан