Қазақстанда есірткі тұтыну 39 пайызға төмендеген

Zakon.kz
Статистикалық деректерге сүйенсек, соңғы 5 жылда есірткі тұтынушылар саны 38,7%-ға төмендеді. Ал оның ішінде кəмелетке толмағандардың саны – 93%

Елімізде соңғы 5 жылда есірткі тұтынушылардың саны 39%-ға, оның ішінде кəмелетке толмағандар – 93%-ға төмендеді. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің қызметкері Риза Төлеубаева «Жастар есірткіге қарсы» акциясы барысында мəлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Қазіргі таңда ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы департаменті үлкен бастама көтеріп отыр. Бұл – жастарды есірткіден қорғау. Бүгінде «Есірткіге жол жоқ! Жастар есірткіге қарсы» акциясы еліміздің барлық аумағын қамтиды. Статистикалық деректерге сүйенсек, соңғы 5 жылда есірткі тұтынушылар саны 38,7%-ға төмендеді. Ал оның ішінде кəмелетке толмағандардың саны – 93%», - дейді маман.

Сондай-ақ, іс шараға Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев қатысты. Ол осындай шаралардың жастарға берері көп екенін атап өтті.

Айта кетейік, шараның басты мақсаты – жастарға жаңа синтетикалық есірткілердің зияны туралы ақпарат беру жəне салауатты өмір салтын насихаттау.

Фото:prozavisimost.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

День, когда Байконур замирает: почему 24 октября не запускают ракеты