Жерорта теңізінде Еуропаға жетпек болған 400-ден астам мигрант батып кетті

Zakon.kz
Олар теңізді төрт тозығы жеткен қайықпен жүзіп өтпек болған.

Мысыр таратқан ақпараттарға сәйкес, Еуропаға жетпек болған 400-ден астам мигрант Жерорта теңізінде батып кеткен. Қаза тапқандардың басым бөлігі Сомалиден болды, деп хабарлады «Қазақстан» ҰТА, Би-би-си таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.

Олар теңізді төрт тозығы жеткен қайықпен жүзіп өтпек болған.

Соңғы жылдары Мысыр Еуропаға ұмтылған заңсыз мигранттар үшін өткізу бекетіне айналды. Мыңдаған адам Александриядан теңіз арқылы аттанады.

2016 жылдың басынан Жерорта теңізі арқылы Еуропаға 100 мыңнан астам босқын жетті.

Көші-қон істері бойынша халықаралық ұйым хабарлағандай, Жерорта теңізі арқылы сәтті өтіп Еуропаға жететіндердің саны миллион болса, жолда ажал құшқандардың үлесі 3 700 адамды құрайды.

Ұйым болжамына сәйкес, 2016 жылы Еуропаға тағы бір миллион босқын баруы мүмкін.

Фото:kaztv.kaztrk.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Опубликовано штормовое предупреждение на 24 августа

Наставник "Бернли" пожаловался после дебютного матча Сатпаева

Фонд "Социс-А" объявил результаты экзитпола на выборах в Курултай

"Остались считаные дни": МВД усилило меры и обратилось со срочным призывом к казахстанцам

Пожар в Алматы: людей эвакуировали, медики помогали пострадавшим