Құмар ойын ұйымдастырған қостанайлық бойжеткенге сот айыппұл салды

Фото: zakon.kz
Сот қаулысымен азаматша В. мемлекет пайдасына 296 940 теңге көлемінде айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды-деп хабарлайды облыстық сот.

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 1990 жылы туған азаматша В-ға қатысты әкімшілік істі қарады. Ол ҚР ӘҚБтК 444 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы alau.kz хабарлайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша В. ағымдағы жылдың 2 сәуірінде сағат 15.55 шамасында Қостанай қаласындағы орталық базар маңында Алтынсарин көшесінің бойындағы автобус аялдамасында өткендерді қаражатына құмар ойынға шақырып адамдары үгіттеген.

Сот отырысы барысында В. өзінің Рудный қаласында тұратынын, сол Қостанай қаласына келіп Алтынсарин көшесінің бойындағы орталық базарға келіп, сол жерде аялдамада «Алик-малик-шарик» ойнын ойнағнын мәлімдеді. Ол өзімен үш кесе мен бір кішкене шар алып келген. Көшеде ойынауға болмайтынын білмеген.

Азаматша В-ның әрекеті ҚР ӘҚБтК 444 бабы 1 бөлігімен дәрежеленген. Яғни, құмар ойындарға (ақшаға, затқа және өзге де құндылықтарға) бұл үшiн бөлiнбеген орындарда қатысу, сол сияқты бұған арнайы рұқсаты жоқ адамдардың спорттық және өзге де жарыстарға ставка қабылдауы.

Сот қаулысымен азаматша В. мемлекет пайдасына 296 940 теңге көлемінде айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды-деп хабарлайды облыстық сот.

Фото: susanin.udm.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо