4 мыңға жуық әскери қызметтен босатылады

Zakon.kz
Биыл ҚР Қарулы Күштер қатарын 30 мыңға жуық шақырылушы толықтырады.

ҚР Қарулы Күштерінде заң бойынша 12 ай мерзімін өткерген мерзімді қызметтегі әскерилерді жоспарлы түрде қызметтен босату басталды, деп хабарлайды BNews.kz.

Жыл сайын Қазақстанда «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке 30 мыңға жуық ер азамат шақырылады.

Осы жылы барлығы 4 мыңға жуық мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер жұмыстан шығарылуы тиіс. Бұл ретте Құрлық әскерлері бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығынан 850-ге жуық, «Шығыс» ӨңҚ 550-ден аса, «Батыс» ӨңҚ 500-ге тарта, «Астана» ӨңҚ шамамен 50 әскери қызметші, Аэроұтқыр әскерлерінен 900-ге жуық, Әуе қорғанысы күштерінен 950-ге тарта, Әскери полициядан 30-ға жуық, СК – ҚР ҚМ АОСК-нан 25-тей әскери қызметші босатылады.

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер жыл сайын запасқа шығарылады. Әскерилерді Қорғаныс министрі мен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының бұйрықтарына сәйкес әскери бөлімдердің командирлері босатады. Әскери қызметшілердің көбісі әрі қарай ҚР Қарулы Күштер қатарында қызметін жалғастыруды, ел игілігі мен Отанына қызмет етуді жоспарлап отыр.

2016 жылғы 1 сәуірде көктемгі шақыру басталғанын естеріңізге сала кетейік. Онда 15 мыңнан аса бозбала мерзімді әскери қызметке шақырылады. Биыл ҚР Қарулы Күштер қатарын 30 мыңға жуық шақырылушы толықтырады.

Фото:baq.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо