Алматы метросының жолаушылары пышақ, балта және қанжар алып өтпекші болған

Zakon.kz
Еске сала кетейік, бұл шаралардың барлығы «Терроризммен күрес туралы» заң аясында атқарылуда.

Алматы метросында тыйым салынған заттарды алып жүрген 153 жолаушының ісі ІІБ қызметкерлеріне тапсырылды, деп хабарлайды BNews.kz.

Метроның баспасөз қызметі хабарлағандай, жыл басынан бері арнайы техникалық құралдардың көмегімен 530 мың жолаушы тексеріліпті.

Тексеру кезінде анықталған қауіпті заттардың көпшілігі қадалатын және кесетін құралдар санатына жатады. Негізінен бәкі мен ас пышағы кездеседі. Сонымен қатар балта, тіпті қанжар да табылған.

«Қазіргі таңда метрополитеннің көліктегі қауіпсіздік қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Жүгі бар барлық жолаушыны метал іздейтін қақпа арқылы өткіземіз. Сондай-ақ телевизиялық қондырғысы бар ренгтенмен және метал іздеуші қол құралымен тексереміз.

Еске сала кетейік, бұл шаралардың барлығы «Терроризммен күрес туралы» заң аясында атқарылуда. Осыған байланысты алматылықтар мен қала қонақтарынан тексеру шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деді көліктегі қауіпсіздік қызметінің бастығы Сайдығазы Орынбасаров.

Фото:informburo.kz

Астана
Актау
Актобе
Алматы
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Выигравший 900 млрд тенге в лотерею не явился за деньгами

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Казахстанцы нашли новый способ зарабатывать – цифры бьют рекорды