Білім саласындағы өзгерістерді қоғаммен жан-жақты талқылау қажет – Н.Назарбаев

Zakon.kz
Білім беру саласындағы бастамалар, оның ішінде бес күндікке көшу мен үш тілділікті енгізу қызу талқыға түсті. Ең алдымен бұл мәселені ұстаздармен талқылау керек.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында білім беру саласындағы өзгерістерді қоғаммен жан-жақты талқылау қажеттігін айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Білім беру саласындағы бастамалар, оның ішінде бес күндікке көшу мен үш тілділікті енгізу қызу талқыға түсті. Ең алдымен бұл мәселені ұстаздармен талқылау керек. Мен, мәселен, бұл дұрыс шешім деп ойлаймын. Біздің балаларымызға артылған жүк өте орасан. Ал бес күндікті пәндерді қысқарту есебінен жасамау керек. Айталық, қазақ тілі мен әдебиеті бір пән болса? Сол сияқты орыс тілі мен әдебиеті, тарих пен географияны біріктіруге болады. Біз балаларға бәрін тықпалаймыз. Әлемде мұндай жоқ. Біз кейде америкалықтарды Тәжікстан мен Ауғанстанды айыра алмайды деп сынаймыз. Шыны осы, бірақ олар мұны өмір сүре келе біледі. Ал мектепте олар өмір сүруді, алған білімін өмірде қалай пайдалану қажеттігін, аяққа тұруды үйренеді», - дейді Президент.

Елбасының айтуынша, білім саласындағы өзгерістерді ұстаздармен, ата-аналармен талқылау қажет.

«Бұл өзгерістер білім сапасын арттыру үшін қажет. Барлығы жан-жақты талқыланғаннан кейін шешілуі тиіс», - деп атап өтті Елбасы.

Айымгүл Әбілева

Фото:www.akorda.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана