Жамбыл тұрғыны Шымкенттен көлік ұрлаған

Zakon.kz
Айғақ зат ретінде тәркіленген көліктер өз иелеріне кері қайтарылды. Қазір қамауда жатқан жігіттің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталу үстінде.

Шымкенттің полицейлері көлік ұрлаумен айналысқан өзге облыстың тұрғынын ұстады. Наурыз айының орта шенінде Қаратау полиция бөліміне 38 жастағы қала тұрғыны шағымданып келеді. Ол азаматтың айтуынша, Нұрсәт шағынауданындағы үйлердің жанына қойып кеткен Тойота Камри көлігін біреу ұрлап кеткен, деп жазады otyrar.kz.

Арада 10 күн өткен соң дәл осындай шағым жасаған тағы бір тұрғын Ауди-100 автокөлігінен айрылып қалғанын айтады. Осы қылмыстарға қатысты арнайы топ құрылып, шұғыл қызметкерлер іске кіріседі.

Соның нәтижесінде 1985 жылы туған Жамбыл облысының тұрғыны күдікті ретінде анықталып, ұсталды. Ол жігіт алғашқы сұрақ-жауап алу барысында өз ісін мойындап отыр.

Тергеушілер күдіктінің кемінде екі көлік ұрлағанын анықтады. Ол қараңғылықты пайдаланып, көліктің есігін сыммен ашып, айдап кетіп отырған. Ұрлаған көліктерінің бірін Шымкентте жасырып, ал екіншісін Таразға айдап әкеткен. Сонда сатып, қарызымнан құтылмақ болдым дейді.

Айғақ зат ретінде тәркіленген көліктер өз иелеріне кері қайтарылды. Қазір қамауда жатқан жігіттің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталу үстінде.

Осы фактілер бойынша қылмысты іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу-тексеру жалғасуда.

Фото:otyrar.kz.

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо