Көктөбе саябағы 3,5 мыңға жуық көшетпен толықты

Zakon.kz
БАҚ әкімшілігі 150 АЕК көлемінде, яғни 318 150 теңге айыппұл төлеген.

Алматыдағы Көктөбе саябағында ағаштар және тал-шіліктер отырғызу жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Бұл туралы бүгін аталмыш саябақтың басшылығы хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Күні бүгінге дейін барлығы 3 472 көшет отырғызылған. Аспалы жол стансасы іргесіне 960 түп раушан гүлі, ал саябақтың жоғары алаңқайында 18 үйеңкі ағашының көшеті егілді. Көктөбенің оңтүстік-батыс бөктеріне алма, өрік, алмұрт, шабдалы секілді жеміс ағаштарының да көшеттері отырғызылған. Көктөбенің батыс және солтүстік-шығыс жағында да көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мұнда жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар отырғызылып, тамшылап суару жүйесі орнатылды. Наурызда мұнда 7 түп «Сакура» шиесі мен 100 түп бөртегүл көшеті егілген. Еске салайық, өткен айда Көктөбе саябағының басшылығы 415 ағашты қала басшылығымен келіспей кескені үшін айыппұл төлеген болатын. Алайда, табиғатты қорғаушылар айып көлемін мардымсыз деп санайды. БАҚ әкімшілігі 150 АЕК көлемінде, яғни 318 150 теңге айыппұл төлеген.

Фото:almaty.tv

Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана