Қарағандыда хайуанаттар бағының ғимараты құлады

Zakon.kz
Бұл – хайуанаттар бағындағы жалғыз ғана келеңсіз оқиға емес, 2015 жылдың қазан айында мұнда жануарларды заңсыз сату оқиғалары белгілі болды.

Қарағанды қаласындағы хайуанаттар бағының ескі ғимараты құлап қалды. Бұл туралы vk.com-ға сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Ескі ғимараттың құлағалы тұрғаны өткен жылы белгілі болған. Сол кезде жұмысшылар құрылыс вагондарына орналастырылып, ал жануарлар жапсарлас қораларға көшірілген болатын.

Бұл – хайуанаттар бағындағы жалғыз ғана келеңсіз оқиға емес, 2015 жылдың қазан айында мұнда жануарларды заңсыз сату оқиғалары белгілі болды. Прокурорлардың дерегі бойынша, мекемеде жаңа туған төлдер тіркелмей, кейін олар белгісіз біреулерге сатылып отырған.

Ал осы жылдың ақпан айында хайуанаттар бағының бұрынғы директорының жеке меншігіндегі пониді екі жыл бойы мекемеде тегін ұстап, асырап келгені анықталды. Сот шешімімен экс-директорға 300 мың теңге айыппұл салынды.

Қайрат Әбілдинов

Фото:egemen.kz


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо