Павлодар облысында көлікті басқара алмаған 22 жастағы жігіт жол апатынан қайтыс болды

Zakon.kz
Өкінішке орай, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Көлікте болған 1986 жылғы жолаушы түрлі дене жарақаттарымен аудандық Көктөбе орталық ауруханасына жеткізілді.

Павлодар облысында 9-мамыр күні Ақсу-Курчатов тас жолында 1994 жылғы азамат көлікті басқара алмай жол апатына ұшырады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің инспекторы Бибол Жұманов мәлім етті.

- Май ауданына қарасты Қызыл Еңбек бөлімшесінің маңында жас жігіт Ваз-21099 көлігін тізгіндей алмай, тас жолда аударылып қалған. Өкінішке орай, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Көлікте болған 1986 жылғы жолаушы түрлі дене жарақаттарымен аудандық Көктөбе орталық ауруханасына жеткізілді, - деді Б. Жұманов.

Аудандық ауруханада мереке күні жол апатынан 30 жастағы азаматтың жеткізілгенін растады. Алайда науқастың денсаулығына қатысты қандай да бір ақпарат беруде бас тартты.

Абзал Қабдраш

Фото: verge.zp.ua

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Без шлема в бетон: смертельное ДТП с участием мотоцикла произошло в ночном Алматы

Мафия использовала кошек как живые факелы для поджога лесов