Ақмола облысында жоғалып кеткен 17 жастағы бойжеткен Ақтөбеден табылды

Zakon.kz
Криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері кәмелетке толмаған бойжеткеннің елорданың теміржол вокзалында «Астана – Ақтөбе» пойызына билет сатып алғанын анықтаған.

Ақмолалық полицейлер 8 мамыр күні жоғалып кеткен 17 жастағы бойжеткенді Ақтөбе қаласынан тапты, деп хабарлайды BNews.kz.

Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчуктың айтуынша, 9 мамыр күні Ақкөл ауданындағы колледждің директоры полицияға хабарласып, оқушының жоғалып кеткенін айтқан.

«Директордың айтуынша, 17 жастағы қыз 8 мамыр күні үйінен шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Кәмелеттік жасқа толмаған оқушыны іздеуге аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Криминалды полиция қызметкерлері бойжеткеннің таныстарына хабарласып, қыздың баруы мүмкін деген жерлердің бірін қалдырмай қарап шықты», - дейді Г.Пинчук.

Жасөспірімдерге қатысты түскен барлық ақпарат мұқият тексерілді. Сол күні криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері кәмелетке толмаған бойжеткеннің елорданың теміржол вокзалында «Астана – Ақтөбе» пойызына билет сатып алғанын анықтады. Ақкөлдің тәртіп сақшылары бұл ақпарды дереу Ақтөбедегі әріптестеріне таратқан.

«Үйінен қашып кеткен қыз кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына тапсырылды. Бойжеткен Ақтөбеге қыдырып келгенін айтады», - деп толықтырды ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі.

Фото:pavlodarnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Соболенко чуть не проиграла шестой ракетке мира в четвертьфинале US Open-2026

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

В Китае рухнули продажи автомобилей

На Земле группируется новый суперконтинент, который может уничтожить людей

Жуткая авария под Талгаром привела к трагедии: автомобили разлетелись после мощного удара