Солтүстік Қазақстан облысында ат жарысының маусымы ашылды

Zakon.kz
Сәйгүліктердің алғашқы сайысына әр ауданнан келген 30 шабандоз қатысты. Шашасына шаң жұқпас сәйгүліктер жорға, құнан, ұшқыр және аламан бәйгелеріне шығып, ұйымдастырушылар өзара жүйрікті анықтады.

Сәйгүліктердің алғашқы сайысына әр ауданнан келген 30 шабандоз қатысты. Шашасына шаң жұқпас сәйгүліктер жорға, құнан, ұшқыр және аламан бәйгелеріне шығып, ұйымдастырушылар өзара жүйрікті анықтады. Соңғы жарыста тұлпарлар 15 шақырымға шапты. Айта кетейік, осы жылғы маусым ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр, деп жазады 24.kz арнасы.

Есдәулет Рыспамбет, жарысқа қатысушы:

- Мен үшін «Бәйге» өте қызықты және тартысты өтті деп ойлаймын. Өйткені аттардың бәрі дайын. Бірімен-бірі жарысып, өте жақсы өнер көрсетті. Айналым жеңіл және атқа жүгіруге бәріне ыңғайлы. Мен осы «Бәйгеде» екінші орын алдым.

Мұрат Қалықов, ат спорты түрлерінен БЖСМ директоры:

- Өзіміздің облысымызда 9 жаттықтырушы бар. Соның ішінде екеуі – үздік аға жаттықтырушылар. Одан қалды жорғаға, ұшқыр бәйгеге жарысып жүрген балаларымыз бар. Олар да Қазақстан бойынша әртүрлі ат жарыстарға қатысып жүр.

Фото:kazsport.kaztrk.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заморозки до -7°С, снег и метели: штормовое предупреждение объявили в Казахстане

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период