Атырауда селфиге түсудің соңы қайғылы оқиғамен аяқталды

Zakon.kz
Атырауда Жайық өзенінде төрт ер адам мінген қайық аударылды. Аман қалғандардың сөздеріне қарағанда, достар түнгі уақытта өзенде қайықпен жүзіп, суретке түспек болған.

Сенбіден жексенбіге қараған түні қала маңындағы Бесікті кентінде төрт жігіт отырған қайық аударылды, деп хабарлады baq.kz, ATPress жазған ақпаратқа сілтеме беріп.

«Аман қалғандардың сөзіне қарағанда, қала маңындағы Бірлік кентінің 1992 және 1981 жылдары туған тұрғындары батып кетті. Олар сенбі күні кешке достарымен пикникке шыққан, кейін қолдан жасалған қайықпен суда жүзуге бел буыпты. Қараңғыда бұл қайық аударылады. Екеуінің бірі төртеуі спирттік ішімдік ішкенін мойындады», - деді Батыс аймақтық аэромобильді жедел-құтқару жасағының басшысы Бахтияр Қадырханов.

Ол қайғылы оқиға туралы хабар құтқарушыларға түнгі сағат екіде түскенін, таң атқан соң қаза тапқандардың мәйітін іздеу жұмыстары жүргізілгенін айтты. Оқиға орнында және оның маңайында өзенде жеті сүңгуір-құтқарушы жұмыс істеуде. Үш қайық пен екі бірлік техника тартылды. Сонымен қатар, балық инспекциясының «КС» маркалы бір катері іздеу жұмыстарына пайдаланылады.

Фото:newtimes.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Джеки Чан в Казахстане: первые кадры съемок "Доспехов Бога 4: Ультиматум" стартовали в Мангистау

Шерпы отец и сын сотворили легендарное достижение на вершине Эвереста

Наташа Королёва публично обратилась к 88-летней маме Игоря Николаева

Доллар идет к 500 тенге: каким будет курс на новой неделе

"Неделю собирали портрет из 3000 деталей LEGO": Димаш исполнил мечту школьников и сделал им подарок