Мәскеуде банк бөлімшесінде адамдарды тұтқынға алған күдікті өлтірілді

Zakon.kz
Еске сала кетейік, сәрсенбі күні кешке қарай Мәскеудің шығыс аумағында банк бөліміне қарулы шабуыл жасалды.

Мәскеуде банк бөлімшесінде адамдарды тұтқынға алған күдікті ғимаратқа жедел әрекет ету тобының қызметкерлері басып кіруі кезінде өлтірілді, деп хабарлайды «Қазақстан» ҰТА, ТАСС агенттігінің таратқан ақпаратына сілтеме жасап.

Оқиға орнында, яғни банк ғимаратында жарылғышы затты залалсыздандыру қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Көзі жойылған күдіктінің қолында жарылғышқа ұқсас зат бар.

Еске сала кетейік, сәрсенбі күні кешке қарай Мәскеудің шығыс аумағында банк бөліміне қарулы шабуыл жасалды. Күдікті ер адам банк қызметкерлерін тұтқынға алды. Ол полициядан ірі сомада ақша талап етіп, айтқанын істемесе ғимаратты жарып жіберетінін айтқан.

Фото: kaztv.kaztrk.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Какой цвет сделает осенний образ дороже – совет стилиста

"Каток свой, отец – лучший, но не его": в Сети разнесли дебют Плющенко-младшего за Азербайджан

Шестой за неделю пассажир пожаловался на кражу на борту рейса в ОАЭ

Пользователи ChatGPT, Claude, Grok и Gemini подали коллективный иск против разработчиков

Касым-Жомарт Токаев направил телеграмму президенту России