ҚР-да соңғы 17 жылда жұмыссыздық деңгейі 2,7 есеге төмендеді - ДСӘДМ

Zakon.kz
2015 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясында 156 мың адам жұмысқа орналастырылып, оның ішінде 142,3 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Қазақстанда соңғы 17 жылда жұмыссыздық көрсеткіші 2,7 есеге азайды, деп хабарлайды еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі. «1999-2015 жылдары Қазақстанда жұмыссыздық көрсеткіші 2,7 есеге төмендеп, 5%-ды құрады (1999 - 13,5%), жұмыссыз адамдардың саны 1999 жылғы 950 мың адамнан 2015 жылы 451,1 мың адамға азайды», - делінген хабарламада.

Ведомствода баса айтып өткендей, Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы жұмыссыздыққа жол бермеу бойынша берілген тапсырмасын орындау мақсатында ҚР ДСӘДМ тұрақты түрде жұмыс орындарын сақтау мен азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша белсенді шаралар жүргізіп келеді. Бұл туралы primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен, 2015 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясында 156 мың адам жұмысқа орналастырылып, оның ішінде 142,3 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Фото:www.qazaquni.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

День, когда Байконур замирает: почему 24 октября не запускают ракеты

Рыбакина второй год подряд будет играть в финале WTA 500 в Нинбо