Алматылық азамат есірткі сатқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Zakon.kz
Полиция қызметкерлері куәгерлердің қатысуымен сотталушының пәтерінде тінту жүргізу барысында 47,96 грамм марихуана, полиэтиленді пакетке салынған ұнтақ тәрізді 369,13 грамм гашиш тапқан.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-ші бөлігінің 3-ші тармағы (аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз иемдену, сақтау және өткізу) бойынша айыпталған Ц.-ға қатысты іс қаралып, аяқталды, - деп хабарлады ҚазАқпарат, Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Сот үкіміне сәйкес, 2016 жылы 8 ақпанда кешкі сағат 20.00 шамасында Ц. есімді азамат Әуезов ауданы аумағында И. есімді азаматқа 29,95 грамм марихуана есірткі затын 5 000 теңгеге сатқан. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері куәгерлердің қатысуымен сотталушының пәтерінде тінту жүргізу барысында 47,96 грамм марихуана, полиэтиленді пакетке салынған ұнтақ тәрізді 369,13 грамм гашиш тапқан.

Сотталушы Ц. сот отырысында кінәсін жартылай мойындап, сотқа есірткі заттарын өзіне, яғни бас ауруын басу үшін қолданғанын түсіндірді.

Соттың үкімімен Ц. ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-ші бөлігінің 3-ші тармағымен кінәлі деп танылып, қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ол енді жазасын қатаң режімдегі түзету колониясында өтейтін болады.

Айбота Жаппарберген

Фото: altaynews.kz

Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Опубликовано штормовое предупреждение на 26 июля

Опять +45: в какие области вернется изнуряющая жара, рассказали синоптики

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Мафия использовала кошек как живые факелы для поджога лесов

Культовый показ Gucci и главный цветовой дуэт лета-2026: чем вдохновил стилист