Павлодарда жол көлік оқиғасынан жүргізуші мен жолаушы қайтыс болды

Zakon.kz
Mercedes-Benz CLS350 көлігінің 29 жастағы жүргізушісі оң жаққа бұрылған кезде қарама-қарсы бағыттағы көлікке соғылған.

Павлодарда кеше түнде Большая объездная көшесінде жол апаты орын алып, екі адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің инспекторы Бибол Жұманов мәлім етті.

- Mercedes-Benz CLS350 көлігінің 29 жастағы жүргізушісі оң жаққа бұрылған кезде қарама-қарсы бағыттағы көлікке соғылған. Нәтижесінде "Лада 21310" көлігін тізгіндеген 31 жастағы азамат пен қасындағы 38 жастағы жолаушы қайтыс болды. Mercedes-Benz CLS350 көлігінің жүргізушісі мен қасындағы 50 жастағы жолаушысы түрлі жарақаттармен қалалық ауруханаға жеткізілді. Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы, 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптама тағайындалды, - деді Б. Жұманов.

Фото: pavlodarnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заморозки до -7°С, снег и метели: штормовое предупреждение объявили в Казахстане

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Ночные морозы ожидаются в Алматы: погода на неделю

Рыбакина с трудом переиграла 128-ю ракетку на пути к 1/2 финала WTA 500

Курс доллара снова вырос на торгах 23 октября