Қостанайда нашақор жүргізуші екі адамның өліміне себепші болды

Zakon.kz
Аталған факті бойынша, ҚР ҚК-нің 345-бабы (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жексенбі күні Қостанай қаласының орталығында есірткіге елтіген көлік жүргізушісі жолаушыларға арналған жолда екі адамды қағып өлтірді. Жедел жәрдем қызметінің оқиға орнына бірден келіп жеткеніне қарамастан, дәрігерлер олардың өміріне араша түсе алмады, деп жазады alau.kz.

ІІД-нің баспасөз қызметі 26 жастағы ер адамның оқиға орнында жан тапсырғанын, ал 23 жастағы қыз қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізіліп, сонда көз жұмғанын хабарлады.

Бұл оқиғаға көп адам куә болған, деп жазады kstnews.kz-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат.

Жас адамдар жолаушыларға арналған жолмен өтіп бара жатқан. Сол кезде Баймағамбетов көшесі жағынан «ZAZ Chance» көлігі жоғары жылдамдықпен келе жатқан. Куәгерлердің айтуынша, «ZAZ Chance» көлігінің жүргізушісі орталық көшеде басқа көлік жүргізушісімен жарысқан.

Көлікті басқарған адам бірден ұсталды. Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі жүргізушінің қарсылық танытпағанын атап өтті. Жол апатына кінәлі адам медициналық куәландырудан өткен соң, оның қанында канабоидтер, есірткі болғаны анықталды.

Аталған факті бойынша, ҚР ҚК-нің 345-бабы (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалды.

Фото: www.express-k.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана