Астана әкімі терроризмге қарсы комиссиясының кезектен тыс отырысын өткізді

Zakon.kz
Отырыс барысында қауіпсіздік шараларын, әсіресе террористік тұрғыдан осал нысандарда күшейту мәселелері қаралды.
Елорда әкімі Ә.Р. Жақсыбеков Астана қаласының Терроризмге қарсы комиссиясының кезектен тыс отырысын өткізді. Отырыс барысында қауіпсіздік шараларын, әсіресе террористік тұрғыдан осал нысандарда күшейту мәселелері қаралды, делінген қала әкімдігінің ресми сайтында.

5-6 маусымда Ақтөбе облысының аумағында орын алған оқиғаларға байланысты террористік сипаттағы қауіп-қатердің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел аумағында 40 тәулікке террористік қауіптіліктің бірқалыпты "сары" деңгейі белгіленді, деп жазады Қазақстан Жаңалықтары АА.

Террористік қауіптіліктің "сары" деңгейі жарияланған жағдайда ұсталатын тәртіп бойынша ұсыныстар берілді.

"Қараусыз қалған сөмкелерге, қораптарға, түйіншектерге, қаптарға, чемодандарға, әсіресе сымдар мен техникалық құралдар шығып тұрса, сондай-ақ, қоғамдық жерлерде және көлікте күмәнді, күдікті адамдарға назар аударыңыздар. Сақтау немесе тасымалдау үшін күмәнді заттарды алмаңыздар. Айналадағыларға қараусыз қалған заттарға қол тигізудің қауіпті екендігін түсіндіріңіздер. Құқық қорғау органдарының құжат тексеру жұмыстарына түсіністікпен қарап, оларға көмектесіңіздер. Ағымдағы жағдайды бақылап, жаңалықтарды тыңдаңыздар. Дүрлігуге жол бермеңіздер", — делінген хабарламада.

Күмәнді заттарды тапқан жағдайда, дереу 112, 102, 71-60-10, 71-61-10 номерлеріне хабарласыңыздар.

Фото: newskaz.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Шерпы отец и сын сотворили легендарное достижение на вершине Эвереста

Джеки Чан в Казахстане: первые кадры съемок "Доспехов Бога 4: Ультиматум" стартовали в Мангистау

Наташа Королёва публично обратилась к 88-летней маме Игоря Николаева

Доллар идет к 500 тенге: каким будет курс на новой неделе

Трем знакам зодиака звезды приготовили год счастья, денег и любви