Алматыда 13 мекеме жұмысшыларын жалақыдан қаққан

Zakon.kz
13 жұмыс беруші ұйымдар, мекеме және жеке кәсіпкерлер ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 1- тармағы бойынша кінәлі деп танылды.
Өзгенің еңбегін өзінікіндей көріп жүрген мекеме басшылары жауапқа тартылды. Алматы қаласының Медеу ауданында 13 мекеме қызметкерлеріне жалақы төлемеген. Олардың жұмысшыларға берешегі 25 миллион теңгені құрап отыр, деп жазады Алматы телеарнасы.

Еңбекақыны төлемей отырғандардың көшін мейрамхана, кафе және құрылыс компаниялары бастап тұр. Оны Медеу ауданы прокуратурасы жалақыны өндіріп алуға байланысты сот актілеріне талдау жүргізу барысында анықтаған.

"13 жұмыс беруші ұйымдар, мекеме және жеке кәсіпкерлер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 1- тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оларға айыппұл салынды. Яғни, жалақыны төлемегені үшін, толық көлемде төленбегені үшін сол ұйымға 13 мекемеге әкімшілік айыппұл салынды. Салынған айыппұл көлемі 2 миллион теңге. Оның 85 пайызы ерікті түрде өндірілді мемлекет пайдасына",- деді Медеу ауданы прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры Шыңғыс Рсалин.

Фото:almaty.tv


Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо